13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Суасты кемелерін Осман ғалымдары жасап шығарған

Жаһан
Жарнама

Британ ислам мәдениетін зерттеу орталығының жоғары ғылыми қызметкері Салим Айдуз әлемнің ең алғашқы суасты кемесі мен ракетаны Осман империясының түріктері ойлап тапқанын мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, Осман империясы өз дәуірінде қару-жарақ, әскери техника саласында Еуропадан басым түскен көрінеді. Империяның қуатты тұсы 1718-1730 жылдарға сәйкес келеді.

«Осындай жаңалықтың бірі суасты кемесі еді. Оны Ибрагим есімді сәулеткер "Тахтельбахир" деп атаған. Екінші ірі өнертабыс Байрамоглу Али-агой жасаған қару-жарақ пен ракета болды» деген Айдуз уақыт өте бұл сала тоқырауға ұшырағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Түркия президенті Тайып Ердоған да Американы Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын мұсылман саяхатшылары ашқанын мәлімдеген болатын

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: