29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жүректі баураған азан исламға алып келді

Жаһан
Жарнама

Алан Руни есімді Шотланд азаматы ешбір мұсылманның көмегінсіз ислам дінін қабылдаған.

Шотландық А.Руни өзінің кезекті еңбек демалысында Түркияға келеді. Осы кезде шаһарды шарлаған әуезді азан оның жүрегіне қозғау салған.

Елге оралысымен Құран Кәрім кітабын сатып алып, ислам діні жайында іздене бастайды. «Мен әркез Құдайдан мені тура жолға салуын сұрайтынмын. Мен осы Құран оқуды кез келген уақытта  тоқтата қоюыма да болатынын білетінмін. Бірақ, маған Құран көп нәрсені ұқтыратынын сездім» дейді Руни.

Осылайша ол бір жарым жылға жуық өз бетінше Ислам жайында ізденіп, білімін молайтады, намаз оқу тәртібін үйреніп, Құран аяттарына зер сала бастайды. Бір қызығы, осы уақыт ішінде Руниге дін үйретуге ешбір мұсылман кездеспеген. Алайда, бұл оның мұсылман болуына еш кедергі болмады.

Мұнан да таңқаларлығы, Алан Руни мешітке баруға бел байлап, қасиетті орынға қадам басқан кезінде мұсылман қауымы оны қуана қарсы алған. «Мені мұсылман қоғамы ерекше ықыласпен қабыл алды» дейді Алан.

Айта кетсек, бүгінде Шотландияда 90 мыңға жуық мұсылман тұрады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: