29
Жұма,
Наурыз

һижри

Басқыншылық қай дінде басым?

Жаһан
Жарнама

Америкалық бағдарламашы Томас Андерсон мұсылман қауымының қасиетті кітабы соғысқа шақырады деген батыс елдерінің уәжін арнайы бағдарлама арқылы тексеріп көрді.

Ол осы мақсатта өзі ойлап тапқан OdinText контент-сараптау бағдарламасымен бірнеше діннің қасиетті кітаптарына талдау жүргізді.

Сонымен, талдау барысында Құран Кәрім мен Жаңа өсиет (Новый Завет) кітаптарында басқыншылыққа қатысты сөздер көрсеткіші шамалас – 2,1% және 2,8%. Алайда, Ескі өсиет кітабында мұсылман кітабына қарағанда екі есе жоғары екені (5,3%) байқалған.

Томас Андерсон Құран мен Інжіл кітаптарына психологиялық сезімге қатысты 8 сипат бойынша талдау жасады. Нәтижесінде, Інжілде ашу-ызаға толы сөздер көбірек кездескен. Ал Құран кітабында сенім мен үрей, үміт мәселелері ашылған. Сондай-ақ, мейірімділік пен қайырымды болуға шақырған сөздер Құран мәтіндерінде – 6,3%, Жаңа өсиетте – 2,9%, Ескі өсиетте – 0,7% ғана. Дін жаулары туралы Құранда емес (0,7%), керісінше Ескі өсиетте (1,8%) жиі көтерілген.

Осындай сараптамалық талдау жұмыстарын жүргізе келе бағдарламашы Томас Андерсен қасиетті Құран кітабын басқыншылық сипаттарымен Інжілден асып түседі деуге болмайтынын мәлім етті. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: