23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Намаз хэштегі: Тіршілік құлшылық үшін жаралған (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

#placesyoullpray хэштегі әлем мұсылмандарын біріктіріп, жер әлемнің әр нүктесіндегі ғажап әсер қалдыратын құлшылық сәттерін паш етті.

Он мыңдаған мұсылман өз Instagram парақшаларында жеке және жамағат болып заманауи компания кеңсесінен бастап, Амазонканың қалың орманында орындалған намаз жайында фото-есеп жасады.

Жаратқанға құлшылық хэштегі тек мұсылман қауымына арналмаған. Мұнда өзге де адамдар қандай жағдайда болса да мұсылмандардың Аллаға мінәжат ету үшін таңғажайып жерлер мен уақытты таба алатынына көз жеткізе алады.  Қар басқан таулар, шөлейтті дала, теңіз жағалауы – табиғаттың сан қырлы ғажап жері мұсылман халқы үшін құлшылыққа құшақ ашады. Әртүрлі жас ерекшеліктері бар сан ұлттардан тұратын әлем мұсылмандары осы арқылы ислам дінінің кеңдігін көрсетуді мақсат етті.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: