26
Жұма,
Сәуір

һижри

Аяқсыз қыз арманына жетті

Жаһан
Жарнама

Үндістандық Раушан Джаввад есімді қыз медицина саласында білім алу құқына қол жеткізді.

Емтиханнан сәтті өткен қыз 2008 жылы медициналық колледжге түскен. Дәл осы кезде арманы асқақ қыз күтпеген жерден пойыз астында қалып, екі аяғынан айырылады. Раушан ұзақ уақыт емделгенімен медицина сараптамасы оның 88%-ға мүгедек екенін хабарлады. Ал Үндістан Заңы бойынша медициналық оқу орнына мүгедектіктің 70%-ына дейін ғана түсе алады.

Раушан Джаввад Бомбей сотына жүгініп, медициналық колледжде оқу құқын алуға талпыныс жасалы. Ол осы уақытқа дейін ешнәрсеге мойымастан, оқу бағдарламасын үйінде жалғастырып, өзінің мәселесі қаралып отырған сот тыңдалымын да қалт жібермеген екен.

Нәтижесінде, Бомбей бас соты Мохит Шах мақсатшыл мұсылман қызымен тікелей тілдесуге барып, оның білімге құштарлығы мен ерік-жігеріне куә болды. Қайсарлығымен сотты мойындатқан Раушан енді елдегі үздік медициналық колледждегі оқуын қайта жалғастырады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: