29
Жұма,
Наурыз

һижри

Тегін тамақ таратады

Жаһан
Жарнама

Үндістандағы мейрамхана қожайыны көше бойына арнайы тоңазытқыш орнатты. Онда күн сайын жаңа піскен ас-тағамдар салынған кем дегенде 50 пакет қойылады.

Кез келген мұқтаж адам тәулік бойына істеп тұрған осы тоңазытқыштан алып жеуіне жол ашық.

Мину Паулин көптеген кедейлік зардабын тарқан қариялардың тамақ іздеп, күл-қоқыстарды аралап жүргенін көріп, аштықпен күресудің осындай жолын ойлап тапты. Ол өзінің бастамасына Үндістанның өзге де аймақтарындағы, онан соң әлем елдері де қолдау білдіріп, жалғастыратынына сенім білдіріп отыр.

Айрықша акцияға қала тұрғындары да үн қосып, тоңазытқышты азық-түлікке толтыруда. «Мен бұл қайырымдылық арқылы пайда табуды мақсат етпейпін. Бұл идея адамдардың қайырымдылыққа көп шығындалуы үшін де емес. Бәріміз үйде де, сыртта да тамақтың ауысқанын қалдырып кетеміз. Ысырып қылмай, осы азықтарды мұқтаж адамдарға берсек» дейді мейрамхана иесі. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: