18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Санкт-Петербургте мұсылман жолнұсқасы іске қосылады

Жаһан
Жарнама

Санкт-Петербургте таяу уақытта «қала бойынша мұсылман жолнұсқасы» іске қосылады.

Жобаны қалалық Мұхтасибат және Санкт-Петербург Ұлттық үйі қолға алған. Алдын ала жоспарға сәйкес, аталмыш жолнұсқада солтүстік астанадағы басты мұсылман нысандары қамтылмақ.

«Санкт-Петербург – сан алуан халық мекені. Мұнда әртүрлі ұлттар үйлесімі қалыптасқан. Біздің міндет – осы үйлесімділікті көрсету» деп атап өтті Мұхтасибат аппараты басшысы Артур Мұхитдинов.

Айтулы жобаның іске қосылу уақыты әзірше нақты хабарланбады. Дегенмен, авторлар мәскеулік әріптестермен бірлесе жұмыс жүргізетіні белгілі болды. Ал Мәскеуде мұсылмандарға арналған осындай бағдарлама қызметі қазіргі күнде қолжетімді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: