28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Ежелгі Құран жазбасы интернетте жарияланды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Тарихы  1200 жылдан асқан, Еуропаға жеткізілгеніне 130 жыл толған ежелгі Құран қолжазбаларының бірі толықтай сандық форматқа түсіріліп, интернетте жарияланды, деп жазады Quartz.

Ғалымдар VIII ғасыр қолжазбасы деп санаған Құран Ұлыбритания Ұлттық кітапханасы сайтында жарияланған. Ресурста қолжазбаның үштен екі бөлігі, жалпы көлемі 121 беті жарық көрді.

Айта кету керек, аталмыш қолжазба хижаз стилінде жазылған. Ескі Құранды Британия еліне Мысыр мен Таяу Шығысқа жиі саяхаттаған Гревиль Джон Честер (1830-1892) есімді шіркеу қызметкері жеткізген. Тарихи деректерде бұл қолжазба Честердің қолына Египетте жүргенде тигені айтылады.  Кейіннен, 1879 жылы Британ музейі қолжазбаны сатып алады.

Мамандарың пікірінше, Құран қолжазбасының осы нұсқасының маңыздылығын бағалаудың өзі артық. Өзге де ерекшеліктерін атап өтпегеннің өзінде, бұл – Құранның жазбаша таралған ең көне үлгісі болып табылады.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: