26
Жұма,
Сәуір

һижри

Британ түрмелері Ханафи мәзһабын таңдады

Жаһан
Жарнама

Британ түзеу мекемелері жүйесінің басшысы еуропалық түрмеде жазасын өтеушілердің сауатын арттырудағы Деобанд ислам академиясының қызметін жоғары бағалады.

Ұлыбритания түрмелерінде діни қызмет жасаушы мамандардың көпшілігі ханафи мәзһабында білім беретін Дар-ул-улюм Дебоданд академиясының түлектері.

Дегенмен, соңғы уақытта Деобанд имамдары тарапына түрме ішінде ислам насихатын жүргізеді деген айып тағылды. Алайда, Ұлыбритания Түрме жүйесінің жетекшісі Майкл Сперр деобандтық имамдарға қолдау білдірді, деп хабарлайды The Independent.

Түрме басшыларына жазған хатына М.Сперр Британия билігі Деобанд академиясына құрмет көрсететініне және имамдардың  британ құндылықтарына сәйкес жұмыс істейтініне ерекше тоқталған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: