29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Айя-София музейін мешітке айналдырады

Жаһан
Жарнама

Стамбул тұрғындары Айя-София музейін мұсылмандар меншігіне қайтарып беруін өтінді. Айта кетсек, мешіттің музей қызметіне көшкеніне 80 жыл толған.

Тарихқа үңілсек, Айя-София 450 жыл мұсылмандар иелігінде болған. Ол византиялық шіркеуден мешітке айналдырылған болатын.

Музейді қайтадан мешітке өткізу туралы өтінішпен Стамбулдың мыңдаған тұрғындары жиынға шыққан. Олардың айтуынша, кезінде ғибадатхана жалпы қоғамның келісімінсіз музей қылуға шешім шығарылған екен.

Айя-София (грек тілінен – «қасиетті даналық») VI ғасыр меншігі. Ғимарат шіркеу қызметін тоғыз ғасырға жуық атқарған. 1453 жылы Осман империясы византиялықтарды жеңіп, оны мешітке айналдырған. Қазіргі Түркия республикасы қалыптасқанға дейін 400 жылдан аса мұсылмандарға қызмет қылды.

Қазіргі уақытта ғимарат ЮНЕСКО әлемдік мұралары тізіміне енеді және византиялық ғажайып сәулет өнері саналады.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: