03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қырғызстанда діни колледж ашылады

Жаһан
Жарнама

Жуық уақытта Қырғызстанда білікті діни кадрлар дайындайтын теологиялық колледж ашылады. Бұл жайында Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия басшысы Орозбек Молдалиев мәлімдеді.

Ол колледж студенттеріне діндер тарихы, діни мәдениет және зайырлы мемлекет қағидалары оқытылатынын атап өтті.

Айта кету керек, республикада діни білімді дамыту, іске асыру, сондай-ақ діни ахуалға қадағалау жүргізу туралы Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев та бірнеше рет мәлімдеме жасаған болатын.

Еске салсақ, Қырғызстанда 2015 жылдан бері мешіт имамдары мен дін қызметкерлеріне қосымша стипендия тағайындаумен айналысатын «Ыйман» рухани мәдениетті дамыту қоры жұмыс істейді.   

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: