03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ауызашар әрбір жанға жеткізіледі

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында 400 ерікті адам арнайы топ құрып, қала көшелерінде кептелісте іркілген жолаушыларға аузыашар таратуға бел байлады.

Белсенділер құрамы мұсылмандармен қатар, өзге дін өкілдерімен де толығуда. Олар қаланың ең кептелісті қиылыстарында ауызашар асын, жеміс-жидектер мен сусындарды көлік тізгіндеген адамдарға таратады.

«Қайырымдылық тек Рамазанмен шектелмеуі тиіс. Біздің команда кез келген мұқтаж адамға жыл бойына көмектесуге әзір. Ал Рамазанда бұл – өте маңызды» дейді еріктілердің бірі Саадия Патхан. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: