29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Әйгілі Әли өмірден өтті

Жаһан
Жарнама

Аты аңызға айналған америкалық ауыр салмақтағы боксшы Мұхаммед Әли 75 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Өмірінің соңғы сағаттарын ол туған-туыстарының ортасында Аризона штаты Финикс қалалық ауруханасында өткізді. Әли ауруханаға осыдан үш күн бұрын тыныс жолы ауруының асқынуы себепті жеткізілген болатын.

Мұхаммед Әлидің денесі туған қаласы Луисвилде (Кентуки) жерленбек.

2014 жылдың қаңтар айында атақты спортшының ұлы әкесінің сырқаты асқынғанын мәлімдеген еді.

Мұхаммед Әли (Кассиус Клей) – әлемге әйгілі боксшы, 1960 жылғы жартылай ауыр салмақтағы олимпиада чемпионы, кәсіби боксшылар арасында ауыр салмақтан үш дүркін әлем чемпионы. «Жыл боксшысы» атағының бес дүркін иегері және жиырмасыншы ғасырдың 70 жылдарындағы ең үздік боксшы деп танылған.

М.Әли соңғы рет бұқараның алдына сәуір айында Аризона штатындағы өзі негізін қалаған Паркинсон орталығының қайырымдылық шарасына кезінде шықты. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: