02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Мұхаммед Әли даңғылы ашылды (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Шешенстан астанасы Грозный қаласында Мұхаммед Әли даңғылы ашылды. Даңғыл атауын өзгерту туралы шешімді республика президенті міндетін атқарушы Рамзан Қадыров қабылдаған.

«Мұхаммед Әлидің қазасы туралы хабарды біз де қайғыра естідік. Әлемде, оның атына сүйсінбеген адам кемде-кем шығар. Ол рингте өте жинақы, шапшаң, салқынқанды еді. Алайда, өмірде Әли өзінің мейірімділігін дәлелдеп кетті» деді Қадыров салтанатты шара барысында.

Шешен басшысы сонымен қатар жуық уақытта Мұхаммед Әли даңғылында бокс залы ашылатынын да хабарлады. «Көшенің жаңа атауы осы жерден өткен барша адамға рух, жігер беретініне сенімдімін. Себебі, Мұхаммед Әли үлгі тұтар тұлғаның бірі» деді Р.Қадыров.

 

{youtube}0MmA9Pu2FMY{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: