02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Рамазанның алғашқы аптасында 21 қайыршы ұсталды

Жаһан
Жарнама

Рамазан айының алғашқы аптасында Біріккен араб әмірлігінде Шарджа полициясы қала көшелерінде қайыршылықпен айналысқан 21 адамды тұтқындады.

Полиция мәліметіне сәйкес, қайыршылар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар болып шықты. Олардың көпшілігі Рамазан айында арнайы қайыр сұрау мақсатында әмірлікке шақыртумен келген.

Қайыршылардың кейбірі қылмыскерлер өздерін қала көшелерінің «майлы» жерлеріне таратып кететінін, осы арқылы қомақты қаржы жасап жүргендерін де жайып салды. Көбірек ақша табу үшін олар тіптен мүгедек арбасына таңылып, зағиптің де «күнін» кеше салады екен. Кейбірі қайыршылыққа балаларды да араластырған. Ал бір күндік «табыстарының» 10%-ы ғана өздерінде қалып, негізгі бөлігін қылмыскер топ иемденіп отыратын көрінеді.

Дегенмен, Шарджа қаласында қайыршылар саны былтырғыдан төмендеген.

Полиция қала көшелерінде азаматтарды алдау, арбау әрекеттерінің алдын алу мақсатында ұдайы бақылау жүргізіп отырады.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: