04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Индонезия мұсылмандары қажылықты 37 жыл күтеді

Жаһан
Жарнама

Индонезия – ең ірі мұсылман елінің бірі. Елде 220 миллион мұсылман бар. Сәйкесінше, қажылыққа деген сұраныс та өте жоғары.

«Қазір қажылық кезегінде 3,2 миллион индонезиялық бар» деп хабарлады Ұмра және қажылық ассоциациясы басшысы. Оның айтуынша, кезекке тіркелу үшін уақтылы өтініш жазу керек. Ал өз кезегін шамамен 37 жыл күтуге тура келеді.

Сол себепті, қазір ұмра қажылығына сұраныс артқан. Өйткені, ұмра сапары үлкен қажылықтан арзан әрі жылдың кез келген уақытында баруға болады.

Айта кету керек, Индонезия мұсылмандарына бесжұлдызды қонақүйде тұруы қамтылатын 8000 АҚШ долларына бағаланатын VIP-қажылық пакеті де ұсынылады. Алайда, оған қажылардың  7%-ының ғана мүмкіндігі жетеді.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: