27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жаңа купюрада «Құл Шариф» мешіті бейнеленеді

Жаһан
Жарнама

Қазан қаласындағы «Құл Шариф» мешітінің суреті Орталық банктің келесі жылғы 200 және 2 мыңдық рубль купюраларында бейнеленуі мүмкін.

Қазанның көрікті мешіті 5 000 дауыс жиып, «Твоя Россия.рф» атты сайттағы интерактивті картаға енді.

Еске салсақ, бұған дейін жаңа банкнотқа ену көрсеткішінде Қазан Кремльі де алға шыққан болатын.

Ресейліктердің өз сурет нұсқаларын ұсыну бойынша алғашқы дауыс беру кезеңі 28 шілде күні аяқталды.

Екінші кезең 5 тамызда басталады. Ай соңына дейін ел бойынша банкноттарға енгізілетін 10 ең үздік қалалар мен 20 сәулет құрылыс нысандары мен аймақтарды анықтау бойынша ауқымды сауалнама жүргізіледі.

Соңғы қорытынды дауыс беру 7 қазан күні «Россия 1» телеарнасынан көрсетілмек. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: