28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін күн Қағбада көлеңкесін жоғалтады

Жаһан
Жарнама

Бүгін, қасиетті жұма күні биыл екінші әрі соңғы рет Қағбаның дәл төбесінен түсетін болады, деп хабарлайды Джидда астрономиялық қоғамдастығы.

Ерекше құбылыс жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 27 минутта бесін намазына шақырылған азаннан кейін өтеді.

Осы уақытта күн өзінің таңнан күн батқанға дейінгі жол ортасына жетеді.  Күннің дәл Қағбаның үстіне жеткен уақытында айналадан көлеңке біткен жоғалады.

Аталмыш астрономиялық құбылыс Меккеден алыс аудандардағытұрғындар үшін, өзге де араб және мұсылман мемлекеттері, сондай-ақ күн көлденең өтетін елдер үшін құбыланы дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, биыл күн көлеңкесін Қағбада жоғалтқан уақыт мамыр айында өткен болатын, деп жазады Arab News. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: