19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

«Ummet.kz» Перископ жүйесінде!

Жаһан
Жарнама

Қадірлі оқырмандар! «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми порталы енді Periscope жүйесі арқылы да қол жетімді!

Енді сіздерге үйде отырып орталық мешіттегі дәрістерді тікелей тыңдауға, имамдарға сауал жолдауға және онлайн режимде жауап алуға, уағыз-насихат тыңдауға, сондай-ақ мешіттегі жұма намазы мен басқа да шараларды көруге мүмкіндік туды. Ол үшін біздің Periscope әлеуметтік желісіндегі «ummet_kz1» аккаунт адресіне тіркелсеңіз жеткілікті.

Periscope (Перископ) – бейне трансляция таратуға арналған қосымша. Жүйе ұялы телефоныңыздан бейнелерді нақты уақытында көруге мүмкіндік береді.

Дәрісті «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлы жүргізеді.

 

Перископтағы аккантумыздағы бейне-кездесу кестесі:

Әртүрлі тақырыптағы қысқа уағыздар.

 

Дәріс кестесі:

Ахлақ – мінез-құлық : «Джамиуль Уасаая фид-дини уа аддунья» кітабы бойынша.

Сира – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны. «ар-Рахик аль Махтуум» кітабы бойынша.

Хадистер.«аш-Шамаилул Мухаммадия» кітабы бойынша.

Дәрістер әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ақшам намазынан кейін жүргізіледі.

 

Ескерту:

Уағыз кезінде жолдаған сауалдарға жауап алу мүмкіндігі жоқ. Бұл уақыт уағызға арналады.

Трансляция және дәріс кестелері өзгеруі мүмкін. Бұл жайында ресми Ummet.kz сайтынан нақтылай аласыздар.

Ummet.kz профилінің перископтағы мекенжайы: https://www.periscope.tv/ummet_kz1

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: