19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қажылар зәм-зәм кезегіне кідірмейді

Жаһан
Жарнама

Енді зәм-зәм суы қажылардың қонақ үйде тоқтаған бөлмелеріне жеткізіледі. Бұл жайында Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрі Мұхаммад Салех Бентан мәлімдеді.

Министр зәм-зәм суы тегін таратылатынын, алайда, оны мейманханаға жеткізу ақысына ең төменгі шекте баға қойылатынын атап өтті.

Бұл өз кезегінде Меккедегі әл-Харам мешітінде зәм-зәм суына тұрған ұзын-сонар кезекті азайтады. Сонымен қатар, жаңа бастама зәм-зәм суын көлеңкелі нарық арқылы сатудың да алдын алады.

Зәм-зәм біріккен кеңсесі директорлар кеңесінің төрағасы Абдул Хади Замзамидің айтуынша, қажылар бөлмесіне тарату бойынша дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Ол сондай-ақ компанияда мейманханадағы қажыларға зәм-зәм суының жеткілікті жеткізілуін анықтайтын электронды жүйе орнатылғанын да жеткізді. 

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: