26
Жұма,
Сәуір

һижри

100 мың қажы 72 сағатта тіркелді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясында 100 мыңға жуық ер мен әйел 72 сағат ішінде интернет-портал арқылы «Қажылық-2016»-ға тіркеуден өтті. Бұл жайында Қажылық министрлігінің Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс маманы Әли әл-Гамди хабарлады.

Ведомство өкілі қажылыққа онлайн тіркелушілер саны одан әрі артатынын жеткізді. «Порталға осы маусымда миллионға жуық адам кіреді» дейді әл-Гамди.

Қажылық министрлігі қажылық маусымында барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қажылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық бағдарламаларды іске асыруды жоспарға алған. Мәселен, қажылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық мұсылмандарға электронды білезік таратылады. Бұл білезіктер қажы туралы барлық мәліметтерді: аты-жөні, виза, паспорт нөмірі, тұрақтаған қонақ үйі мен т.б. қамтиды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: