28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Меккеде 208 қуатты желдеткіш орнатылды

Жаһан
Жарнама

Меккеде су шашатын құрылғымен жабдықталған 208 қуатты желдеткіш орнатылды. Аталмыш шара қажыларды аптапты ыстықта әлсіреп қалмауларына көмектесу мақсатында қолға алынған.

Биыл қажылық маусымы Таяу Шығыстағы өте ыстық кезеңге – қыркүйекке сәйкес келеді. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы 47-50°С болмақ.

Сонымен қатар, Мина, Арафа және Мұздалифа жазығында төрт қосымша аурухана ашылады. Қазіргі күнде алғашқы медициналық көмек көрсететін 80 орталық қызметі іске қосылған. Бұл пункттер қажыларға төтенше жағдай кезінде қызмет етеді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: