13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Түркия қоры 89 елде айт мерекесін өткізеді

Жаһан
Жарнама

Әлем мұсылмандарының Құрбан айт мерекесіне айға жуық уақыт қалды. Түркияның Адам құқықтары мен бостандығын қорғау және гуманитарлық көмек қоры (IHH) ресми сайтында айт мерекесінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасы жоспарын жариялады.

Аталмыш қор әлемнің 89 мемлекетінде айт мерекесін ұйымдастыруды жоспарға алған. Жақсылық жасап, сауапты іске ұмтылушы әлем елдерінің ізгі адамдары жыл бойына осы қорға қаражат аударып келді. Осы осы игі мақсатқа жиылған мол қаржы экономикалық қиындыққа ұшыраған елдердегі мұсылман қауымының Құрбан айтты атап өтуіне жұмсалмақ.

Айта кетсек, өткен жылы Құрбан мерекесінде жиылған қаражатқа 52 мың құрбан малы сатып алынған еді. Жобаны ұйымдастырушылар биыл да 50 мыңнан кем түспеуді жоспарлайды.

Құрбан малының орташа бағасы 550 түрік лирі (63 мың теңге) деп белгіленген.

Ал ұлық мерекеге орай IHH ұйымы бірнеше мешіт құрылысы, ауыз су, балалар үйі, білім беру орталықтары, т.б. жобаларды қолға алмақ.

Бұдан бөлек, аталмыш қор Албания, Палестина, Кашмир, Черногория, Сомали, Шри-Ланка, Судан, Сирия мен Түркияның 35 мыңға жуық жетім балаларына айт мерекесінде жаңа да әдемі киім-кешектер сыйға тартпақ. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: