Саудиялық және француз археологтары исламның алғашқы кезеңіне тән мешіт орнын тапты.
18 маман әл-Хардж қаласы маңындағы әл-Ямама елдімекенінде қазба жұмыстарын жүргізген.
Археологиялық қазба нәтижесінде олар ғалымдардың болжамы бойынша өте ерте кезеңге тиесілі архитектуралық жәдігерлерді кезіктіреді. Олардың ішінде ең ірісі – хижри жыл санағының I-V ғасырларына, исламның алғашқы кезеңіне тән үлкен мешіт бар.
Үлкен аумақты алған мешіт үш жабық зал, бір ашық зал және екі михрабтан тұрады. Археологтар бұл мешітке араб жартыаралындағы Меккедегі әл-Харам және Мәдинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен кейінгі үшінші ірі мешіт деген баға берді.
ummet.kz-ақпарат