Pew Researsch Center зерттеу орталығы Еуропадағы мұсылмандар туралы басты фактілерді жариялады. Delfi литвалық портал бұл жайында қысқаша баяндама жасады.
Еуроодақта ең көп мұсылман қауымы екі елде – Франция мен Германияда өмір сүруде. Францияда 4,7 миллион мұсылман бар, бұл елдегі жалпы халықтың 7,5%-ын құрайды. Германияда бұл көрсеткіш сәл жоғары – 4,8 миллион мұсылман, бірақ жалпы халықтың – 5,8%-ын құрайды.
Ал Ресей Федерациясында мұсылман қауымы – 14 миллион. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметі елдегі халықтың 10%-ын құрайды. Латвияда мұсылмандар 0,1%-ін құрайды.
ummet.kz-ақпарат