28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Халал туризм саласының үздіктері анықталды

Жаһан
Жарнама

Халал турзим бағыты бойынша үздіктерді анықтайтын World Halal Tourism Awards-2016 марапаты биыл бірінші орынды Индонезияның Батыс Суматра провинциясына берді.

Біріккен араб әмірілігі астанасында тапсырылатын марапат биыл 16 номинация бойынша берілді. Индонезия республикасына соның ішінде 12 марапат тағайындалған.

Халал стандартына сай ең үздік әуе тасымалы болып индонезиялық Garuda Indonesia компаниясы танылды. Банда-Ачех қаласындағы Искандер Муда сұлтан атындағы әуежай халал стандартына толықтай жауап беретін әуежай деп бағаланды.  Мұсылман саяхатшыларына арналған үздік отбасылық мейманхана мәртебесі Балидағы The Rhadana қонақүйіне берілді.

Индонезиядан кейінгі мұсылман туризмі бағытындағы үздік елдер – Малайзия (халал-турзим, ұмра және қажылыққа арналған үздік қонақүй), Түркия (үздік оператор) және Жапония (жоспарлы туристік бағыт). World Halal Tourism Awards жеңімпаздарын халал туризм өндірісі саласының білікті сарапшыларынан құралған қазылар алқасы анықтайды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: