Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Торонто қаласында өткен Ислам руханиятының жаңаруы съездіне қатысып, өзінің дәстүрлі баяндамасын жолдады.
Үкімет басшысы баяндамасында канадалық мұсылман қауымының жетістіктеріне жоғары баға берді. «Канада мұсылман қауымдастығының арқасында күшейіп келеді. Біз сіздермен күштіміз. Біз әрқашан достықты сақтап, бөлінушіліктің, кемсітушіліктің алдын алуымыз және осыған қарсы күрес жүргізуіміз керек» дейді Трюдо.
«Осы себепті біздің үкімет теңдік пен әділдікті насихаттайтын бастамаларға қолдау білдіреді, исламофобиямен күреседі және азаматтардың құқықтарын қорғайды».
Айта кетсек, Дж.Трюдо христиан қауымының дәстүрлі мерекелік шараларында да қайырымдылық жасау бастамасын көтеріп, босқындарға қолдау көрсетуге шақырды.
Сонымен қатар, Джастин Трюдо бұған дейінгі мәлімдемелерінде ислам діні зайырлы демократиялық қоғам түсінігімен үйлесетінін атап өткен болатын. Айта кетсек, үкімет басшысы Канада мешіттерінде жиі қонақ болып, мұсылман қауымының айтулы мерекелеріне келіп тұрады.
ummet.kz-ақпарат