Абу-Даби қаласында әлемдегі ең тұғыш мобильді гуманитарлық қала пайда болады. Ол мұқтаж болған барлық адамдарға көмек көрсететін барлық қажеттіліктермен, жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жоба жастарды ерікті ретінде және гуманитарлық қызметке тарту арқылы іске асырылмақ.
«Ғажайып қалада» мобильді емхана, дала госпиталі, өзгеше мектеп, спорт орталығы, мобильді академия, сауда кешені, қажет жағдайда 1000 отбасыны сыйғыза алатын дәмханалар мен лагерьлерді қамтылған.
Айта кету керек, БАӘ президенті, шейх Халифа бен Заед әл-Нахайян 2017 жылды Қайырымдылық жылы деп жариялады.
«2017 жылдың Қайырымдылық жылы деп аталуы әмірліктің гуманитарлық құндылықтарға мән берген мемлекет екенін көрсетеді» деп атап өтті шейх Халифа бен Заед.
«Қайырымдылық жылы» жобасын Zayed Giving Initiative ұйымы жүргізеді.
ummet.kz-ақпарат