Жапонияның Хироо қаласындағы араб-ислам институтында жыл сайынғы 17-ші Құран оқу жарысы өтті.
«Жалпы жапониялық Құран жарысы» конкурсы 30-31 желтоқсан күндері ұйымдастырылды. Шараны Japan Islamic Trust басшылығы Құран жаттау жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесе өткізді.
Конкурс қатысушылары екі топ – жасөспірімдер және ересек балалар, ұлдар мен қыздар тобына бөлінді. Жеңімпаздар үш санат: Құранды әдемі оқу, жатқа оқу және 5 жүз (тарау), 2 жүз, 1 жүз және қасиетті Құран Кәрімнің 0,5 жүз (тармағын) жатқа айту бойынша анықталды.
Шараның салатанатты марапаттау рәсіміне араб-ислам институтының директоры Насер әл-Наим, Japan Islamic Waqf директоры шейх Акил Седики, сондай-ақ жапониялық белгілі мұсылман қайраткерлері қатысты.
Ал жеңімпаздар қасиетті Мекке, Мәдина қалаларына ұмра қажылығына жолдама ұтып алды.
Айта кетсек, Жапонияның негізгі діні синтоизм мен буддизм. Мұсылман халқы бұл елде шамамен 70 000-ды құрайды. Жапония мұсылман ассоциациясының мәліметінше, 10 мыңнан аса жергілікті жапон ислам дінін қабылдаған.
ummet.kz-ақпарат