26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мысыр мешіттеріндегі тарихи жәдігерлер музейге беріледі

Жаһан
Жарнама

Мысыр мешіттеріндегі әртүрлі құнды жәдігерлер Египет музейіне тапсырылады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бұл шара тарихи құнды жәдігерлердің қолды болуының алдын алу және мешіт имамдары мен қызметкерлерін үлкен бір жауапкершіліктен босату үшін қолға алынған.

«Көне мұралар және Уақыф министрліктері арасында тарихи маңызы бар жәдігерлерді мешіттерден музейге көшіру туралы келісім әзірленуде» деп хабарлайды Көне мұралар министрі Халед әл-Анани.

Министр бұл мәселе ең алдымен белгілі құлшылық орындарына, мәселен «әл-Хусейни», «ар-Рифаи» және «әл-Ахмади» мешіттеріне қатысты болатынын жеткізді. Сондай-ақ, мешіттерден алынған заттардың орнына көшірмелері қойылатынын хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен аптада «Ар-Рифаи» мешітінен шыны әйнектен жасалған ғажайып құмыраның алты данасы ұрланған. Құран аяттарымен безендірілген құмыралар XIV ғасырға жасалған және Мысыр тарихындағы құнды мұра саналады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: