Daily Sabah түрік басылымында Түркия президенті аппаратының баспасөз хатшысы Ибрагим Калынның ислам философиясы мен мұсылман адамның өміріндегі құлшылықтың маңызы туралы мақаласы жарияланды.
Ибрагим Калын өз мақаласында әйгілі шығыс философы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірінен қызықты мәліметтер келтіріп, ғұламаның құлшылығына тоқталды.
Мақала авторы ислам дәстүрі өте бай әдеби мұралардың бірі екенін де атап өтті. Әл-Фарабидің ғалымдық жолына сүйене отырып Калын құлшылық пен оны орындаудағы айырмашылықтар болатынын жеткізді.
Ердоғанның аппарат баспасөз хатшысы ұлы философ ұсынған құлшылықты мысалға келтірді. Онда құлшылық кезінде Жаратушыдан кешірім мен игілік сұрау, сондай-ақ өмірлік қателіктерден сақтап, тура жолдан тайдырмау дұғалары айтылады.
ummet.kz-ақпарат