2017 жылы Қазан қаласында Татарстан діни басқармасы төрағасы сайлауы өтеді. Бұл шешім ТР МДБ Пленум отырысында мәлім болды.
Дін қызметкерлері Татарстанның бас мүфтиін, мүфтидің бірінші орынбасары және республика бас қазиын сайлайды, деп хабарлайды Татарстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.
Мүфти лауазымына сайланатын адам діни және зайырлы білімді, діни жоғары басшылық қызметте кемі бес жыл болуы қажет. Сондай-ақ сотталмаған болуы, адал әрі әділ қызмет етуі, ешқандай саяси партия мүшелігінінде болмауы, әдепке қайшы қылықтар мен жағымсыз әрекеттерден таза болуы тиіс.
ummet.kz-ақпарат