Дубай көшелерінде жаңа да қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолы пайда болды.
Дубай көлік және жол қатынасы комитеті Дубай халықаралық қаржы орталығы ауданындағы Al Saada Street көшесіне осындай «жарық шашатын» «тестілік режимдегі» жүргінші жолдарын орнатты. Ол жаяу жүргіншілердің күту уақытын қысқартады.
Сонымен қатар, «ақылды өткелдің» міндеттерінің бірі – жаяу жүргіншілерді ынталандыру және жол-көлік уақиғаларын азайту. Комитет жанындағы Жол қозғалысы агенттігіні директоры Мета бин Адайдың айтуынша, жаңа жаяу жүргінші белгілері тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттырады. «Операциялық жүйе жолды кесіп өтуге қажетті уақытты есептеп шығарады, өту мүмкіндігі бар деген белгі шыққан кезде белгі береді де жаяу жүргінші қорықпастан өте алады» дейді ол.
ummet.kz-ақпарат