23
Сенбі,
Қараша

һижри

14 жасар жеткіншек университетте сабақ береді

Жаһан
Жарнама

Ұлыбританияда ең дарынды Йаша Эсли есімді мұсылман жеткіншек Лейчестер университетіне жоғары курс студенттеріне көмектесуге қызметке қабылданды, деп хабарлайды Daily Mail.

14 жасар Й.Эсли бір кездері осы оқу орнының ең жас студенті атанған. Ал уақыт өте келе ол семинарлар өткізуге шақырыла бастап, кейіннен университеттің ең жас қызметкері болды.

Ол 13 жасында үлкен конкурстарда жеңімпаз болып, осы оқу орнына жоғары жалақылы қызметке тұрады. Кәмелеттік жасқа толмаған қызметкерді қабылдау үшін университет әкімшілігі қала билігінен арнайы рұқсат қағазын алған.

Йаша өткізетін апталық семинарлар математика пәні бойынша оқу бағдарламасынан қалыс қалған жоғары курс студенттеріне арналған. «Бұл менің өмірімнің ең бір ерекше жылдары. Маған университеттерге барып, студенттерге көмектескен ұнайды... Мектеп формасының қажеті жоқ» дейді «тірі есептегіш құрал» атанған жас дарын.

Қазір ол жоғары оқу орнының соңғы курсында оқиды, докторлық диссертациясын жазуды жоспарлап жүр.

Йаша Эсли 2014 жылы 12 жасында мектеп қабырғасында жүріп білім конкурсын ұтып алған. Осылайша математика факультетіне қабылданады.

Ол әлем бойынша орта мектепте математика пәні бойынша 100 балдың 100-ін және өзінің алты ғылыми баяндамасының екеуінен 100 бал көрсеткіштің 99 балын жиған 8 жасар ең дарынды, қабілетті жеткіншек. «Мен математиканы жақсы көремін, себебі ол – нақты ғылым. Бұл өз пікір-пайымыңды дәлелдейтін жалғыз ғылым» дейді Й.Эсли.

53 жастағы әкесі Мұса Эсли баласын өзі тәрбиелеп өсірген, енді оны әр күн сайын дәріс оқуға университетке алып барады. Оның айтуынша, университетте ұлын жылы қарсы алған. «Мен ұлымның ісі оңға басқанына қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Ол өсу үстінде және сүйікті ісімен айналысады» дейді әкесі.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: