Египеттік имам, шейх Ахмад Иса әл-Маасарафи намаз уақытында мұсылмандардың ерекше ұйымшылдығының сырын ашты.
Бақылаушылар мұсылмандардың қаншалықты көп болғанына қарамастан, ешбір арнайы жаттығу немесе реттеушісіз азан айтылғаннан кейін бірнеше секунд, минуттар ішінде бір қатарға сап түзейтініне назар аударды.
Іргелес Ресей елінде де бұл жағдай Ораза және Құрбан айт мерекелері мен намаздарында айқын байқалады. Мәселен, Мәскеу орталық мешітінде оң мыңдаған мұсылман мешіт сыртына, ауласына және бірнеше көшелерге жиылады. Ал азан айтылысымен, түп-түзу сапқа тұрады.
Дегенмен, көз сүйсіндірер бұл көрініс адамзат тарихындағы ең ауқымды діни шара саналатын қажылықпен теңесе алмайды. Қажылық кезінде орта есеппен 4,-5 миллион қажы бір уақытта бір орынға жиылады.
Осы сәттегі таңдай қақтырар нәрсе – Қағбаны айналып тәуап ету рәсімі. Айта кетсек, бұл рәсім бір минутқа да үзілмейді, тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн орындалады. Ал ең керемет көрініс – бес уақыт намаз орындау үшін тізбектелген адамдар қатары бейнебір теңіз толқыны іспеттес.
Шейх Ахмад аль-Маасарави бұл көріністің жедел де ауқымды түрде үйлесіммен орындалуын әр адамның өз-өзін өзгертуімен байланыстырады. Нәтижесінде, адам ұжымдық қалыпқа еніп, үйлесім табады. «Егер біз «өзіңнен баста» деген ережені қолдансақ, шынайы жағдайды өзгерте аламыз» деп жазады имам.
{youtube}Dtm5voNZ64I{/youtube}
ummet.kz-ақпарат
Бөлісу: