23
Сенбі,
Қараша

һижри

2035 жылы мұсылман туу көрсеткіші артады

Жаһан
Жарнама

Соңғы он жылдықта христиан әйелдері өзге конфессияға қарағанда балаларды көбірек туған. Алайда, бұл тенденция 2035 жылы күрт өзгермек.

«Pew Research Center» зерттеу орталығы болжамынша, 2035 жылы мұсылман әйелдерінің туу көрсеткіші ең жоғары болады.

Зерттеуге сүйенсек, 2010-2015 жылдары христиан әйелдері дүниеге 223 миллион сәби әкелген. Бұл мұсылман әйелдеріне қарағанда 10 миллионға жоғары.

Мақала авторының пікірінше, 2030-2035 жылдары мұсылман әйелдері 225 миллион бала әкеледі. Бұл өз кезегінде христиандарға қарағанда 1 миллионға көп. Ал осы үрдіске Еуропада христиан халқының қартаюы, ал әлемде мұсылман халқының орта жасының жасаруы және туу көрсеткішінің көбеюі себеп болмақ.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: