22
Жұма,
Қараша

һижри

Құранның факсимильдік көшірмесі шықты

Жаһан
Жарнама

Қытайда қасиетті Құранның көне қолжазбасының факсимильдік көшірмесі басылып шықты.

Туынды көне түпнұсқа қолжазбаның нақ көшірмесін береді. Кітап 870 беттен тұрады, салмағы – 12,5 кг. Алдын ала хабар бойынша, факсимильдік көшірме тек зерттеу жүргізу мақсатында жасалған, оны сатып алуға тыйым салынған.

Пекин университеті зерттеуіне сәйкес, Құран қолжазбасы шамамен XI ғасырдан бергі кезеңде жазылған. Ғалымдардың пайымдауынша, қолжазба жүздеген жылдар бұрын Орта Азиядан  Хуанхэ жағалауына қоныс аударған түркітектес Салар халқы арқылы жеткен.

Цинхай провинциясы Ұлттық және діни істер жөніндегі комитет директорының орынбасары Ма Вэньбао түпнұсқа қолжазбаның факсимильдік көшірмесі Қытайдағы көне кітаптарды сақтаудың жарқын үлгісі болатынын атап кетті.

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: