22
Жұма,
Қараша

һижри

Азан мен қамат уақытына өзгерістер енгізілді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы мешіттерінде азан мен қамат уақыты аралықтарына өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес тиісті шешімді корольдіктің Шура кеңесі қабылдады.

Енді азан мен қамат аралығы 5 минуттан асырылмайды. Еске сала кетсек, бұған дейін бұл аралық 20 минут немесе одан да ұзақ болған. Дәл осы уақытта мешіт жамағаты дәрет алып, мешітке келіп үлгереді. Алайда, азан мен қаматтың осыншалықты ұзаққа созылуы намазханалары бар сауда орталықтары мен кеңсе ғимараттарына қолайсыздық тудырып келген. Себебі, саудагерлер осыған байланысты дүкендерін жауып, ал әйелдер намаз уақыты біткенше кезек күтуі керек. «Діни деректерде азан мен қамат аралығының қанша уақыт болуы туралы нақты ештеңе айтылмаған. Ал исламның ең басты қағидаы – барша адамзатқа жақсылық, ал құлшылықтағы бұл уақыттың қысқартылуы қайшы келмейді» деп атап өтті Шура кеңесінің өкілі Ата әл-Субайти.

Азан мен қамат тәртібіне өзгерістер енгізуге кеңестің 150 мүшесінің 84-і дауыс берді. Енді соңғы шешім министрлер кабинетінде қабылданады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: