23
Сенбі,
Қараша

һижри

Мысырда мезі қылатын саудагерлерге айыппұл салынады

Жаһан
Жарнама

Египетте туристерге әртүрлі кәдесый, көне жәдігер заттарын ұсынып, мезі ететін саудагерлерге айыппұл салынады.

Көне жәдігерлер мен мәдени мұралар ісі жөніндегі министрі Халед әл-Ананидің айтуынша, осы мәселеге қатысты заңнамаға өзгерістерді республика үкіметі 3 мамыр күні бекіткен. Бұл туралы youm7 мысырлық жаңалықтар порталы хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, археологиялық  қазба аймақтарында туристерді айналшықтап, тауарлар ұсынушы саудагерлерге үш мыңнан 10 мың египеттік фунтқа дейін айыппұл салынады.

Сонымен қатар, министр заңсыз археологиялық қазба жүргізуге, көне жәдігерлерді саудаға салуға қатаң жаза қолданылатынын атап кетті. Мұндай құқықбұзушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Египет Туризм федерациясы басшысы Кәрім Мохсен All Inclusive туризм үшін зиянды деп мәлімдеді. Ол «барлығы қосылған+» жүйесі бойынша жұмыс істейтін қонақүйлер бағасын көтеруді ұсынды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: