22
Жұма,
Қараша

һижри

Қажылыққа келіп қаражатын жоғалтса не болады?

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясына келген Кувейт елінің азаматы қызықты уақиғаны бастан өткерді.

Зайд әл-Хаббар Мәдина қаласына отбасымен бірге ұшып келген. Осыдан соң Меккеге кіші қажылықты өтеуді жоспарлаған – алайда жолай бар қаражаты мен мүлкінен айырылған, деп жазады Saudi Gazette.

«Мен қолымдағы заттарды қойып, қарт кісінің қажылық киімін киюге көмектестім. Содан соң таксиге отырдым да Меккеге кетіп қалдым. Ал заттарым, бар қаражатым Мәдинада әлгі жерде қалып кетті. Межелі жерге жетіп, ақша төлейін десем, сөмкемнің Мәдинада қалғанын түсіндім» дейді ол.

Зайд Мәдина қаласында киім-кешегі, әмияны және 16 000 риал қаражаты бар конверт салынған сөмкесін ұмыт қалдырған. Такси жүргізуші оның басына тап болған жағдайды көріп, өзінің Мәдинадағы бауырына қоңырау шалып, Заидтың заттарын іздеуді сұрайды. Ол сипатталған сөмкені тиісті орыннан іздегенімен таба алмайды.

Келесі күні әл-Хаббардың отбасы ақша толы конверті мен сөмкесін Мәдинадағы жоғалған заттар бөлімінен тапқанда қатты таңданады. Оның барлық қаражаты толық сақталған екен.

«Мен мынадай шалғай жерде сөмкемді, қаражатымды қайтарып аламын деп тіптен ойлаған емеспін» дейді кувейттік мұсылман.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: