22
Жұма,
Қараша

һижри

БАӘ: жеке компаниялар қайырымдылық жасауға міндеттелді

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігі билігі елдегі барлық жеке компаниялар мен кәсіпорындар қайырымдылық жобалары мен әлеуметтік бастамаларға қатысуын міндеттейтін жарғы шығарды.

Аталмыш шешім елде жарияланған Қайырымдылық жылына орай Экономика министрлігінің 11 бағдарламасын іске қосу аясында қабылданған. Құжатта әрбір компания қайырымдылық ұйымына өз табысының қанша бөлігін бөлуі керектігін жарияланбаған, алайда, жаңа заңның нәтижесінде, жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 136 миллионнан аса доллар жиналады.

Заңға сәйкес, әлеуметтік, қайырымдылық саласының қай бағытына қаражат бөлуді компания өзі таңдайды. Ал қайырымдылықта қарқынды жұмыс істеген компанияларға федералды мемлекеттік және жергілікті органдар тарапынан айрықша құқықтар мен артықшылықтар беріледі.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: