22
Жұма,
Қараша

һижри

Каир кедені көне Құран қолжазбаларын тәркіледі

Жаһан
Жарнама

Бес дана ерекше көне Құран кітаптары Каир халықаралық әуежай кеденінде тәркіленді. Бұл туралы Египет кеденінің көне жәдігерлер ісі жөніндегі басқарма басшысы Ахмед ар-Рави хабарлады.

Оның айтуынша, сирек кездесетін қолжазба жиынтығы Эфиопиядан жіберілген жәшіктер арасынан анықталған. Кеденшілер жүк жәшіктерін тексеру кезінде тарихи құндылығы зор қолжазбаларға кезігеді.

Сарапшылардың алдын ала болжамы бойынша, қасиетті Құранның бұл нұсқалары XIV ғасырда, Осман империясы дәуірінде шығарылған болуы мүмкін. Көне Құран кітаптары каллиграфия саналатын насх шрифтінде қолмен жазылған. Кітаптардың көптеген парақтары әртүрлі түсте геометриялық оюлармен өрнектелген.

Зерттеу барысында ғалымдар кітаптардың кейбірі классикалық жүйемен емес, бөлек тараулар (сүрелер) күйінде басылған, яғни бүгінгі ислам әлемінде қабылданған канондық мазмұнға сәйкес келмейді.

Египет кеденінің көне жәдігерлер ісі жөніндегі басқарма басшысы Ахмед ар-Рави барлық қолжазбалар жағдайы өте нашар күйде екенін, оларды тез арада қалпына келтіріп, өңдеу қажеттігін атап кетті.

Ал тиісті құжаттарсыз Египетке келген құнды қолжазбалар бойынша тергеу амалдары басталған. Тергеушілер енді аталмыш жәдігерлердің Эфиопиядан жіберілген нақты мекенжайын және Египетте заңсыз түрде алушыны анықтауға күш салады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: