23
Сенбі,
Қараша

һижри

Сауд Арабиясы қажыларға медициналық көмек көрсетуге дайын

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабия Өкіметі Мекке мен Мединеге жыл сайын қажылықтарын өтеуге келетін қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 мыңға жуық медициналық қызметкерді жұмылдырмақ. Бұл жөнінде Сауд Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімделді.

Бұдан басқа, ведомство қажыларға қызмет көрсетушілердің  бәрін  менингит пен тұмаудан вакциналау бағдарламасына қосқан. Жидданың халықаралық әуежайына ұшып келген шетел қонақтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарына сай медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Бұған қоса, Сауд Арабия елшілігіне визаға өтініш беру кезінде, міндетті түрде менингиттен вакциналау алғандығы жөніндегі анықтаманы көрсетулері қажет.

Қажылық кезінде Арафат тауының және әлемдегі ең үлкен «шатырлы» қалашық орналасқан Мина жазығының маңайындағы 25 аурухана, сондай-ақ, Мекке мен Мединедегі ауруханалар күшейтілген режимде қызмет көрсетуге көшіріледі.  Бұл жерлерге тамыз айының соңғы күндері мен қыркүйек айының басында - қажылық жораларын өтеуге келген миллиондаған қажы жиналады.

Ведомство 150 мобильді госпиталь ашуды жоспарлап отыр, жалпы алғанда, бір уақытта 5 мың адамға дейін медициналық көмек алатын болады. Ал жедел тасымалдау үшін Денсаулық сақтау министрлігі 100 жедел жәрдем көлігін бөлмек. 

Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында биылғы қажылық маусымына денсаулық сақтау орындары сақадай сай екенін хабарлады. Атап кетсек, қажылар орналасқан жерлерде 24 медициналық орталық ашылған. Мәселен, Арафатта 4, Минада 4, Меккеде 7, Мәдинада 9 және Абдулла Король атындағы үлкен медициналық орталық қызмет жасайтын болады. Солардың ішінде 500 жедел жәрдем қызмет етуге дайын. «Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың денсаулығына барлық жағдай жасалынып отыр. Сондықтан, біздің тарапымыздан жоғарғы дәрежеде қызмет көрсетіледі» делінген әлеуметтік желіде.

Бөлісу: