26
Жұма,
Сәуір

һижри

Дубайда мұсылман киімінің сән көрсетілімі өтеді

Жаһан
Жарнама

2017 жылдың соңында Дубай қаласында ислам сән киімдеріне арналған Pret-A-Cover Buyers Lane шарасы өтеді.

Шара Сән және дизайн жөніндегі Ислам кеңесінің бақылауымен өткізіледі. Оған әлем бойынша дизайнерлер, суретшілер мен киім брендтері қатысады. Қазіргі уақытта бұл өндіріс 400 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды The National. IFDC өкілі Әлия Ханның айтуынша, бұл шарада олар киім әлемінде өзгерістер әкелуге күш салады. «Пайдалы және тиімді болатын шешімдерді қабылдауда инновациялық идеяларды негізге алуды мақсат ету керек» дейді Әлия Хан. Ол сондай-ақ, Дубайда өтетін Buyers Lane шарасы тағы үш елде ұйымдастырылады.

Айта кетсек, бұл жоба 2014 жылдан бері табысты өткізіліп келеді. Өкен айда Италияның Torino Fashion Week апталығында ислам сегменттері де көрініс тапқан.  Көрсетілімге Канада, Малайзия, Индонезия, Оман, Бахрейн, Түркия мен Оңтүстік Африка елдерінің сән үлгілері қойылды. Бұл өз кезегінде мұсылман сән киімінің танымалдылығын арттыра түсуде. 

http://kazislam.kz/

Бөлісу: