22
Жұма,
Қараша

һижри

Түркияда жаңа дінбасы сайланды

Жаһан
Жарнама

Түркияның Дін істері басқарма (Диянет) басшысы Мехмет Гөрмез өз қызметінен кеткен уақыттан бері 6 ай бұл лауазым бос болды, деп жазады Newsturk.ru.

16 қыркүйектің кешінде Дін істері басқармасын енді 56 жастағы профессор Әли Ербаш басқаратыны белгілі болды. Әли Ербаш бұған дейін Диянеттің білім саласында 2011 жылдан директор қызметін атқарған. 2017 жылдың маусым айында Ербаш Түркия президентінің бұйрығымен Ялова университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. Алайда, бірнеше айдан соң қайта жаңа қызметке ауыстырылды. Әли Ербаш Түркияның Орду провинциясында туған. Стамбул қаласындағы Мәрмәра университетін «Теология» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Үйленген, төрт баласы бар.

http://kazislam.kz

Бөлісу: