22
Жұма,
Қараша

һижри

Билл Гейтс мектептерге 1,7 млрд доллар аударып, қайырымдылық жасады

Жаһан
Жарнама

«Билл Гейтс және Милинда Гейтстер қоры» АҚШ-тың мемлекеттік мектептеріне 1,7 млрд доллар қаржы бөлді деп жазады Washington Post. 

Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс қаржыны «Билл және Мелинда Гейтстер қайырымдылық қорынан» бөлді. Билл Гейтстің айтуынша, қаражаттың 60%-і мемлекеттік мектептерде оқитын оқушылардың эксперименттік оқыту әдісіне кетеді. Кейінгі 15%-і мүмкіндігі шектеулі балалардың мектептеріне, 25%-і білім жүйесіне бөлінеді. Билл Гейтс алдымен Microsoft-тың негізін салушы ретінде танымал. Қазіргі таңда көп уақытын қайырымдылыққа бөледі және әйелі Ме­лин­дамен бірге қайырымдылық қорын басқарады. Бұл қор әлем бойынша түрлі бағдарламалар мен жобаларға грант бөледі. Көбінесе қаржы ауыл шаруашылығына, төтенше жағдайларға, жаһандық кітапханаларға, қаладағы кедейлік мәселелерін шешуге және әлемдік денсаулық сақтау мен білім салаларына бөленеді. Қор құрылған сәттен бастап GAVI, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Ротари қоры, Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес қоры және туберкулез бен ЮНИ­СЕФ сияқты орталық үшін миллондаған ақша жұмсады. Сарапшылардың есептеуінше, 1994 жылдан бері Билл Гейтс өзінің жары Милинда Гейтспен бірге әлемдегі кедейлікті жоюға, қауіпті індет ошақтарына медициналық көмек жіберуге және әлеуметтік аз қамтылған аудан тұрғындарының компьютерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге 35 млрд АҚШ долларын жұмсаған. 

DE068721 1 676x380

ummet.kz

Бөлісу: