22
Жұма,
Қараша

һижри

Шылым тартпайтын қызметкерлердің демалысы ұзартылды

Жаһан
Жарнама

Токиодағы Piala Inc. маркетингтік компаниясы темекі шекпейтін қызметкерлерге қосымша демалыс күнін береді. Өйткені темекі шекпейтін қызметкерлер күні бойы 15 минуттық үзіліске шықпайды. Осылайша компания басшысы темекі шегетін адамдар бұл зиянды әрекеттен бас тартатынына сенім білдірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыстағы мұндай әділетсіздік туралы Piala Inc. бас директорына темекі шекпейтін қызметшісі келіп айтқан. Компания басшысы, қызметшінің өтінішін қарастыра келе, қызметкерлердің айтып отырғандары негізді екеніне көз жеткізген. Фирманың офисі 29-қабатта орналасқан. Ал темекі шегетін орын 1-қабатта. Сол үшін шылым тартатын адам бір темекі шегіп келуі үшін 15 минут уақытын жұмсайды екен.

Компания басшылығы қызметшілерді зиянды әдеттен бас тартқызып, ынталандыру үшін темекі шекпейтін қызметкерлердің демалыс уақытына қосымша 6 күн қосып беретін болып шешті. Компанияның 120 қызметкерінің 30-ы бұл ұсынысты пайдаланып, демалысқа шыққан. Сонымен қатар тағы 4 қызметкер темекіден бас тартқан.

«Мен қызметкерлерді айыппұл салып емес, ынталандыру арқылы темекіден бас тартуға көндіргім келеді» дейді Piala Inc. компания басшысы Такао Асука.

Бөлісу: