23
Сенбі,
Қараша

һижри

Мұсылман елі аумағының 97 пайызы құрғақшылыққа бейім

Мұсылман елі аумағының 97 пайызы құрғақшылыққа бейім

Жаһан
Жарнама

Иранның дағдарыс жағдайын басқару, метеорология және құрғақшылықпен күрес жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Шаһрук Фатық аталған ел аумағының 97 пайызының құрғақшылыққа бейім екенін мәлімдеді.

Ол бұл мәлімдемесін ирандық студенттердің ISNA ақпарат агенттігі арқылы жасап, бүгінгі таңда Иранның барлық аймағын құрғақшылық жайлағанын жеткізді. Атап айтқанда, әсересе, Хузистанда, Иламда, Бушерде, Когилуде, Буйерде, Ахметте, Фарста, Систан-Белужистанда, Оңтүстік Хорасанда, Солтүстік Хорасанда, Хорасан Резеуиде, Исфаһанда, Зенжанда құрғақшылық жайлаған. Оның айтуынша, қазіргі уақытта құрғақшылықпен күресу мүмкін болмай тұр, сол себепті, суды үнемдеуді әр үйден бастау керектігін алға тартты. Ирандағы құрғақшылық елдегі су ресурстарының тапшылығы, ауаның ластануы секілді ең қордаланған түйткілді мәселелердің қатарында. Құрғақшылық салдарынан Урмия көлінің табаны тартылып қалды. Ел билігі құрғақшылықпен күреске қаржы бөліп жатыр, алайда, бұл бағытта ұзақ мерзімді, стратегиялық маңызы бар қадамдар жасаған емес.

islam.kz

Бөлісу: