Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Өзбекстанға жасаған ресми сапар аясында Ташкент Ислам университетінде болды.
ҚМДБ қызметкерлері 1999 жылы ресми ашылған университеттің техникалық базасымен, оқу бағдарламасымен, оқыту жүйесімен танысты.
Айта кетейік, бүгінде діни оқу орнында Ислам құқығы, экономика, қолданбалы ғылым, Ислам тарихы мен философиясы, исламтану, Ислам өркениеті, т.б. пәндерден дәрістер жүргізіледі екен.
«Нұр Мүбәрак» университеті мен Ташкент Ислам университеті арасындағы өзара келісім бойынша екі жақты тәжірибе алмасу жұмыстары жүруде.
Бас мүфти бұл бағыттағы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымтастырып, «Нұр Мүбәрак» университетінің оқу бағдарламасына қазіргі заманауи пәндерді енгізуді тапсырды.
Кездесу соңында Серікбай қажы Ораз университеттің естелік кітабына арнайы тілегін жазып, ҚМДБ атынан тілеулестік білдірді.