22
Жұма,
Қараша

һижри

Үздік университеттердің бірі Рамазан айына сәйкес емтихан кестесін өзгертті

Үздік университеттердің бірі Рамазан айына сәйкес емтихан кестесін өзгертті

Жаһан
Жарнама

2 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Батыстың ежелден келе жатқан беделді жоғары оқу орындарының бірі -  Принстон университеті мұсылман шәкірттерге қасиетті Рамазан айының емтихан кезеңіне сәйкес келуін ескере отырып, сынақ тапсыру уақытын өзгертуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды IslamNews, The Daily Princetonian-ға сілтеме жасай отырып.

АҚШ-та Рамазан айы 16-мамырға сәйкес келіп отыр. Дәл осы күні қалыптасқан кесте бойынша емтихандар басталады. Бұған дейін Рамазан айына қатысты сынақ тапсыру уақытын жылжыту қажеттілігі болған емес, себебі осы кезге дейін қасиетті ай мен сессия қатар келмеген еді. Ал, осы жылы Принстон университетінің әкімшілігі кешкі емтихандарды таңертеңге ауыстыруға шешім қабылдады. Себебі, барша мұсылман Рамазан айында күндіз ас-судан тыйылып, аш жүретінін ескерген олар, аузы берік студенттердің кешкісін қиналмасы үшін таңертең яғни  қуатты кезде емтихан тапсырғандарын жөн көрді.

«Университеттің ежелден қалыптасқан саясаты бойынша ақылға сыйымды, заңға қайшы келмейтін діни ұстанымдарға бар жағдайды жасауға тырысамыз,» - деп түсіндірді ЖОО-ның мұсылман-студенттер ісінің координаторы Сухайб Султан.

Айта кетер жайт, американдық көптеген ЖОО-да мұсылман-студенттердің қажеттіліктері мен басқа да діни ұстанымдары бар шәкірттердің әртүрлі мәселелерін әкімшілікке жеткізіп отыратын арнайы координаторлар жұмыс істейді.

Бөлісу: